Жаңалықтар

«Жастарға кеңес» жобасы аясында өткізілген ашық кездесу

Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Жастарға кеңес» жобасы аясында Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» мүшелерінің ұйымдастыруымен және аудандық жастар орталығының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру бағытындағы іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары Күзембаева Мария Қалдыбайқызы мен Біләл Әлихан Қайыржанұлы қатысты.
Аталған іс-шараның шеңберінде депутаттар колледж студенттерімен және Қобда қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Депутатқа сұрақ» форматында ашық кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында сайлау үдерісі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру және саяси мәдениетін дамыту болды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан депутаттардың өкілеттігі, мәслихаттың қызметі, жергілікті өкілді органның атқаратын міндеттері, сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары және жастарға бағытталған мемлекеттік саясат мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Депутаттар барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Сонымен қатар депутаттар өз сөздерінде жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, сайлауға саналы түрде қатысуға, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге шақырды. Жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен мүмкіндіктер туралы да ақпарат берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар үшін мазмұнды әрі нәтижелі болды. Мұндай кездесулер жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғамдағы белсенді рөлін арттыруға оң ықпал етеді.

Қобда аудандық «Жас сайлаушылар клубы»

Басқа материалдар

Back to top button