Жаңалықтар
АЭС салу –заман талабы
Атомды бейбіт мақсатқа қолданып, еліміздің жарқын болашаққа бастайтын уақыт жетті.
Өркениет көшінен қалмау үшін өзіміздің қуат көзіміз болуы тиіс. Өйткені, экономиканың үздіксіз дамуы үшін ең алдымен үздіксіз энергия қажет.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Ал өз шешімін қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы.
Елдің дамуына үлесімізді дауыс беруден бастап, аянып қалмауға шақырамын!