Аудан әкімінің қабылдауы өтті
Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар мәселелер көтерілді. Соның ішінде тұрғын үймен қамту, баспана кезегі және тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтініш-тілегін заң аясында түсіндірмелер берді. Көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша тұрғын үй мәселесіне қатысты өтініштер зерделеніп, жауапты мамандарға нақты мерзімдер белгіленді. Аудан басшысы халықпен тікелей байланыс орнату – жергілікті атқарушы орган қызметінің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.