Жаңалықтар
Қобда ауданы Әлия Молдағұлованы еске алды

Қаңтардың 14-і – қазақ батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қаза болған күні. Биыл оның ерлігіне 82 жыл толды.
Аудан тұрғындары мен зиялы қауым дәстүрге сай, ауа-райына қарамай, батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. «AMAHAT» партиясының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева де еске алу шарасына қатысып, батырдың ерлігін жастарға насихаттау маңызды екенін атап өтті.
Шара барысында көрмелер, концерттік бағдарламалар және «Әлия оқулары» байқауы өтті. Волейбол жарысы да ұйымдастырылып, командалар батырдың рухына арналған шараларда бақ сынады.
Әлия Молдағұлованың ерлігі – әрқашан ел жадында. Оның батылдығы мен патриоттық үлгісі келешек ұрпаққа үлгі болып қала береді.