Жаңалықтар
ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛЕДІ
Айдын Жақсылық,Қобда аудандық мәдениет үйінің директоры
Қазақстандағы өндірістің өркендеуі — зор энергия көздерін талап ететіні айдан анық. Мемлекет басшысы өз Жолдауында арзан, әрі тимді энергияның көздерінің бірі-атом энергетикасы екендігін атап, АЭС салу мәселесін халықтың өзі шешім қабылдау керектігін ұсынды. АЭС салуға қатысты халықтың пікірі әр алуан болғандықтан оны референдум арқылы бекіту де шынайы азаматтық қоғам құрудың айқын көрінісі. Осыны ескеріп, жерлестерімізді референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын.