АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ АТ САЛЫСУЫ КЕРЕК
Ұлтымыздың болмысында ақсақал, ел ағалары қоғамдық істердің басынан табылған болса, ардагерлер Кеңесі сынды қоғамдық ұйымдардың да халықты толғандырған талай күрмеулі мәселелердің оңтайлы шешілуіне арқау болып отырғанын көріп келеміз. Кеше «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудандық ардагерлер Кеңесінің Қобда бастауыш ұйымының есеп-беру жиыны өтті. Жиынға Қобда Аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағамбетов, Қобда ауылдық округінің әкімі Марат Құлниязов, Қобда ауылдық Ардагерлер бастауыш ұйымының мүшелері қатысты. Қобда Ардагерлер бастауыш Ұйымының Төрағасы Асқар Нұржанов атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Жиында зейнет- керлердің әлеуметтік ахуалы, ерекше еңбек сіңірген отанқорғаушылар мен еңбек ардагерлерін дәріптеу, оларды қоғамдық жұмыстарға кеңірек тарту, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлт- тық салт-дәстүрлерімізді насихаттау сынды өзекті тақырыптар жан-жақты талқыланды. Сондай ақ жуырда өтетін аудандық Ардагерлер Кеңесінің конференциясына делегаттар бекітілді.
Ардақ Мырзабекова.