Жаңалықтар

Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш

*Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Құдайбергенов Руфат Маратұлы:*

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында көтерілген мәселелер — ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды стратегиялық бағыттарды қамтиды. Әсіресе білім саласына қатысты айтылған нақты міндеттер мен басымдықтар — біз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекет басшысы жастардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиесіне ерекше назар аударып отыр. Бұл — ұстаздар мен білім саласы мамандарының жұмысына тың серпін береді. Қазіргі ұрпақ — ел ертеңі. Сондықтан оларды сапалы біліммен қатар, адами құндылықтарға негізделген рухани тәрбие арқылы қалыптастыру — басты міндетіміз.

Президенттің әділеттілік пен сапаға негізделген реформаларына қолдау білдіре отырып, білім беру жүйесін одан әрі дамыту бағытында аянбай еңбек етеміз. Жаңа кезеңде ел болашағы үшін атқарар ісіміз көп, соған жұмыла кірісетін сәт туды деп есептейміз.

Басқа материалдар

Back to top button