Жаңалықтар

Ел мүддесі үшін сәтті қадам

*Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кереймағанбетов Нұрлыбек Құтжанұлы :*

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел болашағына қатысты берген сұхбаты — мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды бағдарлама іспетті. Онда көтерілген мәселелер — әр азаматтың жүрегіне жетер нақты, салмақты ойлар. Ардагерлер қауымы үшін елдің тұрақтылығы, бірлігі, ұрпақ сабақтастығы — әрқашан басты құндылық болып келеді. Президент сұхбатында да осы ұстанымдар көрініс тапты.

Мемлекет басшысының жастар тәрбиесіне, ұлттық болмыс пен тарихи жадымызды сақтауға қатысты ойлары — біз үшін ерекше маңызды. Себебі болашақ ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен еңбекқорлықты сіңіру – аға буынның парызы. Біз ардагерлер қауымы ретінде бұл бағыттағы жұмыстарға әрдайым үлес қосуға дайынбыз.

Президентіміздің ел мүддесін бәрінен биік қойған сабырлы, салмақты саясатымен біз толық келісеміз және қолдаймыз. Халқымыз аман, бірлігіміз берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Басқа материалдар

Back to top button