Кәсіпкерлік ел экономикасының тірегі
Тулешева Кунзия Қайырзаманқызы — аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел болашағына бағытталған сұхбаты — экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларды одан әрі дамытуға жол ашатын маңызды құжат деп білеміз. Әсіресе, кәсіпкерлікті қолдау, өңірлік дамуды жеделдету, инвестиция тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі – бұл салада еңбек етіп жүрген мамандар үшін үлкен жауапкершілік жүктейді.
Мемлекет басшысының «кәсіпкерлік — ел экономикасының тірегі» деген ұстанымы – біздің күнделікті жұмысымыздың өзегі. Аудан көлемінде шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті өндірісті жандандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ендігі міндет – осы бастамаларға серпін беріп, Президент тапсырмаларын сапалы жүзеге асыру.
Президент сұхбатындағы әрбір ой — кәсіпкерлерге, мемлекеттік органдарға да нақты бағыт береді. Біз де өз тарапымыздан кәсіпкерлікке қолайлы экожүйе қалыптастыру жолында жұмыс істей береміз.