Билік пен қоғам арасындағы ашық диалог — ел тұрақтылығының кепілі
Темірбай Абат Кәкімұлы — аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы:
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатында айтылған мәселелер – ел тағдырына алаңдаған мемлекет басшысының терең саяси пайымының көрінісі. Қоғамның сұранысын ескерген, халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған бұл қадамдар – Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы нақты бағыт.
Қоғамдық кеңестер – билік пен халық арасындағы ашық диалог алаңы. Президенттің азаматтық қоғамның рөлін арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту туралы айтқан бастамалары кеңес жұмысын одан әрі жандандыруға жаңа серпін береді.
Біз, қоғамдық кеңес мүшелері, Президент көтерген мәселелерді қолдай отырып, қоғаммен байланысты күшейтіп, халық үнін еститін тиімді алаң болу үшін жұмысымызды жалғастырамыз. Әрбір ұсыныс, сын мен пікір – өзгеріске бастар мүмкіндік екенін ұмытпауымыз қажет.
Бұл сұхбат – бізге артылған үлкен сенім мен жауапкершілік. Біз соған сай қызмет етуге дайынбыз.