Терең өзгерістермен тең тұратын саясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің жаңғыруына бағытталған сұхбаты — азаматтық қоғамды дамыту жолындағы маңызды бағдар болды. Бұл сұхбатта ел болашағы үшін жауапкершілік тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың, оның ішінде ҮЕҰ-ның да ортақ міндеті екені айқын көрінді.
Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мен билік арасындағы алтын көпір іспетті. Президенттің азаматтық бастамаларға қолдау білдіру, еріктілер қозғалысын дамыту, әлеуметтік жобаларды іске асыруға ҮЕҰ-ны белсенді тарту туралы ұстанымы — біз үшін үлкен мотивация.
Қоғамдық бақылау, әлеуметтік осал топтарды қолдау, жастар мен әйелдер көшбасшылығын арттыру бағытындағы бастамаларды іске асыруда біз өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Азаматтық қоғамның рөлі артып, ҮЕҰ-мен серіктестік нығая берсе, Қазақстанның болашағы баянды, даму жолы нақты болары сөзсіз.
Ещанова Нұрбибі Әміреқызы — аудандық қоғамдық Кеңес мүшесі, ҮЕҰ өкілі