Жаңалықтар

Болашаққа үміт – жастарға сенім


Ашенова Светлана Зинекенқызы — білім саласының ардагері:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатынан терең мазмұн мен стратегиялық көзқарасты байқауға болады. Әсіресе, білім беру саласына қатысты айтылған ойлар біз, ұстаздар қауымын ерекше қуантты. Жаңа технологияларды енгізу, педагог мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту – бүгінгі заманның өзекті талаптары.
Біз, еңбек ардагерлері, еліміздің өсіп-өркендеуі үшін талмай еңбек еттік. Ендігі үміт – жастарда. Президенттің жастарға жағдай жасау, жұмыс орындарын көбейту, әділ қоғам қалыптастыруға арналған бастамалары – еліміздің болашағына берілген сенімді кепіл. Біз осы игі бастамаларға сенеміз және қолдаймыз.

Басқа материалдар

Back to top button