Жаңалықтар

Бірлік бар жерде – береке бар

Аудандық мәслихат депутаты :

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатында айтылған ой-тұжырымдар — ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты бағдарымыз. Президент елімізді жан-жақты жаңғырту, әділетті қоғам орнату, экономиканы әртараптандыру, білім мен мәдениетке серпін беру, ең бастысы – халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Халықтың сенім мандатын иеленген депутат ретінде мен бұл бастамаларды толық қолдаймын және ел ішінде түсіндіру, қолдау, нақты істермен іске асыру жолында жұмысты жалғастыра береміз. Президенттің мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, өңірлердің дамуында мәслихаттардың белсенді рөлі туралы ұстанымы — жергілікті өкілдік органдардың жауапкершілігін одан әрі арттырады.

Сұхбат — мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындап берген маңызды құжат. Біз бірлік пен жауапкершілік негізінде әділетті Қазақстанды бірге құру жолында аянбай еңбек етуіміз керек.

Бірлік бар жерде – береке бар!

Смағұлов Бақытжан Қалиоллаұлы:Қобда аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button