Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды

Аталған Заң КонституциялықСоттың нормативтік қаулыларын іске асырумақсатында әзірленіп, заңнаманыКонституцияға сәйкестендіруге, жария жәнежеке мүдделер арасындағы теңгерімдіқамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімдісыбайлас жемқорлыққа қарсытетіктерді сақтай отырып, мемлекеттікқызметтің тартымдылығын арттыруғабағытталған.

Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы КонституциялықСоттың нормативтік қаулысындакөрсетілген құқықтық ұстанымдыескереотырып әзірленген «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер болып табылады. Атап айтқанда, егер мұндайшектеу конституциялық тұғырды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын қорғау мақсаттарыменнегізделмесе, мемлекеттік функциялардыорындауға уәкілеттіадамдарға теңестірілген тұлғалар үшінкәсіпкерлік және өзге де ақы төленетінқызметпен айналысуға тыйым салу алыныптасталды.

Конституциялық Сот кәсіпкерлікқызметті шектеу дифференцияланған болуыжәне лауазымдық міндеттердің сипатынабайланысты айқындалуы тиісекенін атапөтті.

Осы Конституциялық Сот шешімін іскеасыру мақсатында «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауғауәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғаларүшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетінқызметпен айналысуға тыйым салу нормасы алып тасталды.

Оларға мемлекеттік орган болыптабылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішіндемектептерде, ауруханаларда) жәнеквазимемлекеттік сектордың өзгеде субъектілерінде басқарушылықфункцияларды жүзеге асыратын тұлғалар(бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттіксатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдар басшылары), «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыныңқызметкерлері, сондай-ақкөлік жолдарында техникалық жәнеавторлық қадағалауды жүзеге асыратынтұлғалар жатады.

Сонымен қатар, Заңдамемлекеттік функцияларды орындауғауәкілетті адамдарға теңестірілгентұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақытөленетін қызметпен айналысуынажол берілмейтін жағдайлар бекітілген. Атапайтқанда, егер мұндай қызмет лауазымдықміндеттерді орындауға кедергі келтірсе, қызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқсанемесе мүдделер қақтығысын тудырса, мұндай қызметке тыйым салынады.

Бұл ретте аталған тұлғаларбұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының субъектілері болыпқала береді, мемлекеттік қызметшілерментең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққақарсы органның бақылауында болады жәнесыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық жәнеәкімшілік жауаптылықта болады.

Осыған орай, оларға қаржылықбақылаушаралары, мүдделерқақтығысының алдын алу жөніндегіталаптар, сондай-ақ туыстарыменбірлесіп қызмет атқаруға тыйым салу нормалары қолданылады.

Тиісінше, кәсіпкерлік қызметті жүзегеасыру кезінде белгіленген шектеулерді бұзу, оның ішінде қызметтік мүлікті пайдаланунемесе мүдделер қақтығысы жағдайындақызмет атқару фактілері анықталғанжағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы» Заңдасыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердісақтамағаны үшін жұмыстан босатутүріндегі жауаптылық көзделген.

Қабылданған Заң конституциялықзаңдылықты нығайтуға және әділеттілік, ашықтық пен құқықтық мемлекетқағидаттарын одан әрідамытуға бағытталған.

Басқа материалдар

Back to top button