2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болмақ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыхабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМСпакетінен тегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады.
Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14шілдедегі жаңа заңның қабылдануымен Денсаулықсақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшірукөзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастаптегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектіңкөлемін МӘМС жүйесіне кезең-кезеңменинтеграциялау болып табылады.
Бұдан бөлек, ауыр ауруларды уақытылыанықтау мақсатында медициналық қызметтердіңқолжетімділігін арттыруға бағытталған маңыздыөзгерістер де қарастырылған.
«Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетіненТМККК пакетіне, оның ішінде онкологиялықскринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұлөзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безіобыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялықгипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома,вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын аладиагностикалау қызметтеріне қолжеткізугемүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингтербарысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы ауруларды анықтап, олардың одантаралуына жол бермеуі мүмкін», – деді ӘМСҚБасқарма төрағасының орынбасары СәулеТәжібаева.
Сондай—ақ, ол заң шеңберінде әлеуметтікмаңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемінпакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенінатап өтті. Қазір ТМККК-да диагноз қою үшінмедициналық қызметтер АИТВ және туберкулезгекүдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқажағдайларда пациенттер диагноз қою жәнеәлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек. Содан соң ғана пациенттер ТМККК шеңберінде ем ала алады. Осылайша,сақтандыру мәртебесіне қарамастан ертедиагностика қолжетімді болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/
Youtube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz
Telegram-канал – https://t.me/medsaqtandyru
Facebook – https://www.facebook.com/msqory/
Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/