Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асуымыз керек


Бижан Қалмағанбетов,
облыстық мәслихат депутаты.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атом энергетикасына ерекше тоқталып, станса салу ісі көпшіліктің дауыс беруімен шешілетінін іс екендігін атап өтті. Артынша атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумның 6 қазанда өтетінін хабарлағаны белгілі.
Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады.
Қазақстан – уранға өте бай ел. Соңғы он бір жылда уран өндірісі бойынша әлемде бірінші болса, уран қоры бойынша әлемде екінші орын алады.
Экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.
Мемлекет басшысы Жолдауда: “Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін.
Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын”, – деп атап өтті. Сондықтан ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек.

Басқа материалдар

Back to top button