Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына, мемлекеттің тұрақтылығына және азаматтардың әл-ауқатына кері әсер ететін аса қауіпті құбылыс. Ол мемлекеттің беделін түсіріп қана қоймай, заң үстемдігіне, әділдікке және әлеуметтік теңдікке нұқсан келтіреді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының немесе арнайы мекемелердің ғана емес, әр азаматтың міндеті болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғалардың өз билігін жеке басының немесе үшінші тұлғалардың пайдасы үшін заңсыз пайдалануы. Бұл пара беру мен алуды, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануды, туыстық немесе таныстық арқылы заңсыз артықшылықтар алуды қамтиды.

Кез келген елде сыбайлас жемқорлықпен күрес тиімді болуы үшін ең алдымен қоғамның өзі адалдық пен әділеттікті талап етіп, оған лайық өмір сүруі қажет. Егер азаматтар пара беруге немесе алуға жол бермесе, заңсыздықтарға төзбесе, қоғамда бұл құбылыстың кең таралуына жол берілмейді.

Көп жағдайда адамдар «бәрі бәрібір өзгере қоймас» деген немқұрайлы көзқараста болады. Бұл – үлкен қателік. Себебі әр азамат өзінен бастап күрес жүргізсе, аз уақыт ішінде қоғамдағы оң өзгерістер айқын байқалады.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйелі түрде жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік қызметшілердің этика кодекстері, электронды үкімет, «Ашық бюджет» жүйелері – барлығы да осы індетпен күресуге бағытталған.

Бірақ заң мен бақылау жеткіліксіз. Халықтың қолдауы мен белсенділігі болмаса, бұл шаралардың тиімділігі төмен болады. Сондықтан әр адам заңға бағынуы, парадан бас тартуы, әділетсіздікке жол бермеуі қажет.

Әр азамат не істей алады? Сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір адамның рөлі маңызды: пара бермеу және алмау; қызметтік жағдайды жеке пайда үшін пайдаланбау; заң бұзушылықты көрсе, тиісті органдарға хабарлау; жастарды адалдыққа тәрбиелеу;адал жолмен еңбек ету. Мұндай қарапайым әрекеттер үлкен өзгеріске бастау бола алады.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның іргесін шайқалтатын күрделі дерт. Онымен күресу тек арнайы органдардың емес, әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Адалдық пен әділеттілік – мықты мемлекеттің негізі. Сондықтан әр азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып, ел болашағы үшін жауапкершілікпен әрекет етуі керек.

Бибігүл Қылышбаева- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Басқа материалдар

Back to top button