Жаңалықтар

Дәстүр – тәрбие негізі

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы- өзінің ісі, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы перзент тәрбиелеу. Себебі, перзент тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойла-пайымды, білімді,мәдениетті, іскер азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениеттің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оның бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік,қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанға деген махаббат секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сңіріп келген. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп,қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен нәсихаттады.

Әсіресе, «Өнер алды-қызыл тіл», «Жер астында жатқанды-қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасын дер таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың кыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрді жиындарында көрініс тапқан. Сол арқылы көпшілік қауымға,әсірісе жастарға өнег айту, тәлім-тәрбие беру көзделді.
Елімізді ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өмір талабы болып отыр. Бала тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат серік деп ұғынса, сыйласа, тіршілік ету бағытында нық ұстанған әдеп, тұрмыс-салттарының ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

Келешек мирасқор тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып,жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л.Н.Толстой айтқандай: «Өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеулі соқпақ іздеп адасумен пара-пар».

«Ихсан» орталығының директорының орынбасары Б.Ізберген

Басқа материалдар

Back to top button