Жаңалықтар
📍”AMANAT” партиясы Қобда аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасының шеңбері аясында қоғамдық қабылдау өтті.

📍Тұрғындарды аудандық филиалдың атқарушы хатшысы, аудан әкімінің орынбасары, кәсіби заңгерлер, Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушысы, нотариус, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қабылдады. Азаматтар көбіне жұмысқа орналасу, үй кезегіне тұру, құжаттарын рәсімдеу мәселесін көтерді.
📝Өздерінің құқықтық мәселелерімен жүгіне келген азаматтарға тиісті жауаптар беріліп, құқықтық бағдар көрсетілді.