Жаңалықтар

Ұстаздар мерекесі — халықтың мейрамы

Ұстаздар мерекесін шынайы халықтық мейрам десек, бұл күні ұлағатты ұстаздар қауымына алғыс білдіріліп, мұғалімдер құрметке бөленер сәт.

Жыл сайын дəстүрге айналған ұстаздар күні биыл ерекше аталды. 3 қазан күні Қобда аудандық мәдениет үйінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұлылықтың ұйытқысынан жаралған ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев  ұстаздарды құттықтап, бірқатар мұғалімдер мен білім беру саласының үздіктерін марапаттады. Сонымен қатар мерекелік шарада бірқатар ұстаздар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Даржан жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекелік іс-шарада бір топ ұстаздарды ұлығылады. Келесі сөз кезегі «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраеваға ұсынылып, мерейлі мереке иелеріне Ақтөбе облысы «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Е. Данағұловтың алғыс хатымен  сыйлықтарын табыстады.

Әрі қарай ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыс етті.

Салтанатты шарада сонымен қатар ұстаздар қауымына арналып шағын концерт ұйымдастырылды, әсем әндер шырқалып, мың бұралған биші қыздардың орындауындағы ырғақты билер салтанатты жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ардақ Мырзабекова

Басқа материалдар

Back to top button