Жаңалықтар

Жаңа логистикалық дәуір: «Достық — Мойынты» теміржол магистралі пайдалануға берілді

«Достық – Мойынты» желісінің мерзімінен бұрын іске қосылуы – қазақстандық жұмысшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл жобаның арқасында жүк айналымы 5 есе артып, экспорттық тауарларды жеткізу мерзімі қысқарады. Соның нәтижесінде еліміздің транзиттік тартымдылығы артады. Қазіргі кезде Қазақстанның географиялық орналасуы Еуразиядағы басты артықшылығы саналады, ал жаңа дәліздер осы артықшылықты нақты экономикалық пайдаға айналдыруға мүмкіндік береді. Президент атап өткендей, соңғы он жылда көлік саласына 35 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. Бұл қаржы нәтижесін беріп, Қазақстанды Еуразия құрлығындағы маңызды көлік торабына айналдырды. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын 5 мың шақырым жаңа теміржол құрылысы мен 11 мың шақырымды жөндеу жұмыстары еліміздің инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы сенімді серіктес ретінде өз орнын бекітеді. Мұндай қадамдар еліміздің халықаралық беделін күшейтіп, әлемдік экономикадағы рөлін арттырады.

Вишняк Сергей, «Динар-Электромаш» ЖШС іс басқарушысы

Басқа материалдар

Back to top button