Президент Жолдауы – білім саласына жүктелген жауапты міндеттер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды құжат.
Президенттің бұл Жолдауында білім беру саласына да ерекше назар аударылып, нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да заманауи бағыттар бойынша терең білім беруді жолға қою, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру секілді мәселелер көтерілді.
Қобда аудандық білім бөлімі осы тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, аудан мектептерінде білім сапасын арттыру, цифрлық сауаттылықты дамыту, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық тұрғыда нығайту бағытында жұмыстарын жалғастырып келеді.
Президент атап өткендей, қазіргі білім – тек оқулықпен шектелмейтін, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға үйрететін, болашақ мамандығына жол ашатын құрал болуы тиіс. Осыған сай, біз ұстаздардың біліктілігін арттыру, жаңа оқыту әдістерін енгізу, оқушыларды ғылымға баулу бағытында жұмыстар жүргіземіз.
Жолдаудағы міндеттер – біз үшін бағыт-бағдар. Білімді ұрпақ – ел ертеңінің кепілі екенін ұмытпай, егемен еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеміз.
Даржан Нұрболат Болатұлы — аудандық білім бөлімінің басшысы.