Жаңалықтар

Мәдениет — халықтың рухани тірегі

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған басым бағыттар — ел болашағы үшін маңызды стратегиялық шешімдер. Әсіресе мәдениет саласына қатысты көтерілген мәселелер біз үшін аса өзекті.

Мәдениет — халықтың рухани тірегі. Осы тұрғыдан алғанда, өнер мен руханиятты дамытуға бағытталған қолдау шаралары, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы бастамалар — бізді жігерлендіреді.

Ауылдық жерлерде мәдениет ошақтарының әлеуетін арттыру, жастардың шығармашылығын дамыту — басты міндетіміз. Жолдаудағы жаңа мүмкіндіктер осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға жол ашады деп сенемін.

Біз, мәдениет саласының өкілдері, халықпен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз!»

Құдайбергенова Айнагүл Нағыметиярқызы — аудандық Мәдениет үйінің директоры

Басқа материалдар

Back to top button