Жаңалықтар

Даму жолдары айқындалған

Қазақстан халқының ерекше үмітпен күтетін Президентіміздің дәстүрлі Жолдауларынан елдің алдағы даму бағыттары толықтай айқындалған

Ондағы басты міндет ел өміріндегі цифрландыру деңгейін мейлінше кеңейту. Жолдауда елге инвестиция тарту жайына да басымдық берілген.
Одан өзге экономикалық өсім, әлеуметтік әділет, жастарды қолдау, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ экологияны сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударды.

Соның ішінде тың бастамалардың бірі — «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы. Бұл жоба елімізді экологиялық тұрғыдан жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және жас ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Президент бұл бастаманың халықпен бірлесе жүзеге асырылатынын, яғни әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті. Бұл бізді — қарапайым тұрғындарды да ел болашағына жауапкершілікпен қарауға, табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға үндейді.

Таңсұлу Абдрахманова
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Қобда филиалының архивисті

Басқа материалдар

Back to top button