Жұмысшы мамандықтарына басымдық беріледі
Осы жылдың 8 қыркүйегінде мемлекет басшысы биылғы халыққа жолдауында ел дамуындағы ең өзекті мәселелердің шешу жолдарына нақты тоқталды. Оның ішінде 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп белгіленсе, жұмысшы мамандықтарды тарту, әсіресе техникалық білікті мамандар тапшылығын шешу жолдарын айқындады.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының бос орындарының көп екенін сөз етіп, оларды даярлауға басымдық танытылуы қажет екенін атады.
Еңбек адамының абыройын көтеру – қоғам дамуының басты шарты делінген болса, кейбір күрделі мамандықтарды шетелдерден тарту жайында да ұсынысын ортаға салды..Жолдауда бүгінгі күні мыңдаған жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындарының бос тұрғанына тоқталып, оны шешу жолдарын ұсынды.
Бибігүл Қойбағарова
«Аудандық Қобда газеті» ЖШС бас есепшісі