Мемлекет басшысы бүгін жаңа Салық кодексіне және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы бүгін жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл реформа инвестициялық климатты жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Салықтық жүктеменің төмендеуі инвесторларға тартымды жағдай жасайды. ҚҚС мөлшерлемесінің 16 пайызға белгіленуі бюджет пен бизнес мүдделерін теңдестіреді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге жеңілдіктер халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде ішкі сұранысты ұлғайтады. Зейнетақы төлемдерінің ЖТС-тан босатылуы зейнетақы жүйесіне деген сенімді арттырады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығына арналған режимдердің оңтайландырылуы ауылға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Кітап басу мен археологиялық жұмыстарды қолдау білім мен мәдениетке инвестицияны көбейтеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мобильдік қосымша формалды секторға өтуді жеңілдетеді. Салықтық әкімшілендірудің жеңілдеуі инвесторлар үшін болжамдылықты қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі ұстанымын жақсартады. Жалпы, реформа экономиканы әртараптандыруға және инвестицияларды тартуға жол ашады.
А.К. Темірбай
Қобда аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы