Жаңалықтар

Ақтөбеде мыңдаған бала маусымдық дагерлерде демалып жатыр

Биыл жазғы демалыс маусымында Ақтөбе облысында 7 қала сыртындағы сауықтыру орталықтары, 699 мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеуде. Жазғы маусым басталар алдында лагерьлердің толыққанды дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық штаб тарапынан лагерьлердің санитариялық-гигиеналық жағдайы, материалдық-техникалық базасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтану жүйесінің ұйымдастырылуы кешенді түрде бірнеше рет зерделенді.

5 маусымдық лагерь 1 ауысымда 1312 баланы қабылдап, барлығы 8092 баланы қамтиды. Ауысымдардың ұзақтығы – 10 күн. Жыл бойы жұмыс жасайтын «Күншуақ», «Әсем» лагерлері 2532 баланы қабылдайды. Ірі өндіріс, кәсіпорындар есебінен 3960, ата-аналардың өз қаражаты есебінен, 6985 бала еліміздің сауықтыру лагерьлерінде, 233 бала республикалық «Балдәурен», «Бөбек» орталықтарында демалады.

«Балалар жазғы лагерьлерде демалып қана қоймайды, түрлі үйірмелерге қатысып, қабілеттерін де шыңдайды. Сондай-ақ, күн сайын тақырыптық күндер аясында түрлі марафон, эстафеталарға, сайыстарға қатысып, көңілді уақыт өткізеді» — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Оқушылардың жазғы демалыста тиімді уақыт өткізуін қамтамасыз етуге өңірде 4,5 мыңға жуық педагог жұмылдырылған. Балалардың қауіпсіздігі үшін лагерь қызметкерлері — педагогтар мен техникалық персонал — құқық қорғау органдарының арнайы тексеруінен, педагог кадрлар арнайы оқыту курсынан өткен.

Басқа материалдар

Back to top button