Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың ізбасарлары парадта сап түзеді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадта жауынгер арулар жүріп өтті.
Трибуна алдынан қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлованың ерлігін еске салатын әскери сап өтті. Олар Мәншүк, Хиуаз, Әлияның бүгінгі ізбасарлары.
Шеру тобын Шығыс өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, генерал майор Жеңіс Маралов басқарды.
Бүгінде әскердегі арулар психолог, медицина қызметкері, мерген, байланысшы, теңізші және басқа да мамандықтарды жетік меңгерген. Қарулы Күштер әскерлерінің барлық түрі мен құрамында әскери қызмет өткереді.
Астанада әскери парад өтіп жатыр.
Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Оған елордадағы парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді.
Бұған дейін қазақстандық бітімгерлер әскери парадта жүріп өтті.