Экономикалық даму және серпінді жобалар
Ақтөбе облысындағы индустриялық аймақтардың қарқынды дамуы – бұл ел экономикасының нығаюына үлес қосып жатқан маңызды көрініс. Мысалы, биыл Ақтөбе қаласындағы «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайының» базасында мультимодальды хаб құру мақсатында Үкіметтің қаулысымен жалпы аумағы 858 гектарды құрайтын арнайы экономикалық аймақ құрылды. Бұл аймақтың негізгі бағыттары логистика және өңдеу өнеркәсібі болып табылады, бұл еліміздің транзиттік әлеуетін әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Хромтау қаласында жалпы аумағы 150 гектар болатын жеке индустриялық аймақ құрылды. Облысымызда 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақта 17 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 546 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта тағы 8 жаңа жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр, бұл тағы 312 жаңа жұмыс орнын құруға әсер ететіндігі анық.
Осындай бастамалар Ақтөбе облысындағы экономикалық белсенділікті арттырып, жергілікті тұрғындардың табысын көтеруге үлес қосуда. Индустриялық аймақтардың дамуы неғұрлым көп жаңа кәсібилер мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуі мүмкін. Соның нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады, ал бұл өз кезегінде Ақтөбе облысының келешекте табысты болуына негіз болады.
Фархад Сағынбай, Хромтау аудандық мәслихатының депутаты