Жоба және жаңа мүмкіндіктер
Ауыл аманаты» жобасы — еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға арналған ауқымды бастама. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, жұмыс орындарын ашып, жастарды ауылда тұрақты өмір сүруге ынталандыруды мақсат етеді.
Жоба аясында ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру және экологиялық таза өнім өндіру бағыттары бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету, жергілікті өнімдерді нарыққа шығару үшін барлық жағдайлар жасалмақ.
Бұл бастама елді мекендердің дамуына жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарына өз жерінде бақуатты өмір сүруге мүмкіндік тудырады. «Ауыл аманаты» жобасы — ел болашағы үшін маңызды қадам. Біз бұл бастаманы қолдаймыз, әрі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын дамытуға үлкен үлес қосатындығына сенім мол.
Нұрлыбек КЕРЕЙМАҒАНБЕТОВ,
Қобда аудандық ауыл шаруашылығы саласының ардагері.