Инвестиция тарту – экономикалық дамудың басты кілті
Дидар Боранқұлов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры
ҚР Үкіметі бизнесті дамыту үшін жағдай жасап, натуралды гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыруды ұсынады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етуде қолдау көрсетуде.
Инвестиция тарту мәселесі әрбір өңірдің экономикасын дамытуға ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Жобалардың тиімді мониторингін жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды біріктіріп, оларды сүйемелдеуді жеңілдететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Инвестиция тарту, экспортты ілгерілету және импорт алмастыратын өндірістерді құру шеңберінде бүгінгі таңда Ақтөбе индустриялық аймағында жалпы инвестиция көлемі 17,3 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылып, 480-ден астам жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 77,4 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту арқылы 767 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 11 жаңа жоба іске асырылмақ. Өңірдің әрі қарай дамуы үшін Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы құрылып, инвесторлардың қажетті рәсімдерден жедел өтуіне мүмкіндік беретін «Инвесторлар үшін жасыл дәліз» жүйесі енгізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар, прокуратура және өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында бизнестің жүйелі мәселелерін, оның ішінде жобаларды іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде туындайтын проблемаларды шешу бойынша жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі мен облыс прокуроры уәкілетті мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізуде. Алғашқы кездесу биылғы жылдың 20 ақпанында өтті. Бұл шара инвестициялық жобаларды іске асырудағы кедергілер мен тосқауылдарды жою, сондай-ақ жалпы бизнес-қоғамдастықтың жүйелі мәселелерін шешу үшін жедел талдау, талқылау және тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлер тарапынан мұндай форматтағы кездесулер жоғары бағаланып, тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, инвесторлар үшін постинвестициялық кезеңде тауарларды ілгерілету және іске асыруды қолдау құралдарының шарттарын түсіндіру маңызды мәселе болып табылады. Өңірдің индустриялық және көлік-логистикалық әлеуеті өнімдерді тек ішкі нарықта ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, сыртқы нарықтарда да сату мүмкіндігін кеңейтеді.
Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдар «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл олардың қажет ақпаратпен хабардар етілуін арттырып, бағдарламалардың қолжетімділігін кеңейтеді. Өңдеу өнеркәсібі саласының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Ол экспортты ілгерілету және тиімді өндірушілерді қолдау арқылы жүзеге асырылады, өз кезегінде отандық бизнестің дамуына және оның жаһандық нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етеді.
Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 113 компанияға 2,6 мыңнан астам экспорт сертификатын берді. Осылайша, облыста өндірілген тауарлар Еуропаға, Қытайға, ТМД елдеріне және басқа да мемлекеттерге экспортталуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар үшін сенімді серіктес болуы тиіс екенін, оларға ашық шарттар мен тұрақты іскерлік ортаны қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл бастамалар тек экономикалық өсуді ғана емес, сонымен қатар ел азаматтарының өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.