Құрылтайда айтылған салық жүйесі мен бюджет қаржысы еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, салық жүйесі бүкіл мемлекеттік жүйенің негізін қалаушы болып табылады. Әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджет қаржысы маңызды рөл атқарады. Сондықтан салық жүйесін жетілдіру және бюджетті тиімді пайдалану мәселелері өте өзекті. Құрылтайда көтерілген бұл сұрақтардың елдің болашағына оң әсерін тигізетінін айтуға болады.
Кереймағанбетов Нұрлыбек — аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы