Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен құрылтай отырысында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында, құқық қорғау саласында және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша терең талқылаулар жүргізілді. Сонымен қатар, құрылтай барысында көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар біздің болашағымыз үшін үлкен мәнге ие.

Әсіресе, әлеуметтік теңдікті нығайту, мемлекет тарапынан азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, білім және денсаулық сақтау саласындағы реформалар ерекше назарға алынды. Құрылтайда айтылған негізгі мәселе — халықтың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және барша азаматтарға тең мүмкіндік беру болды.

Құрылтай отырысындағы пікірталастар еліміздегі саясатты қайта қарауға және қоғамдағы келешекке бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыруға жол ашады. Мемлекет басшысы айтқандай, нақты істерге көшу, жүзеге асыруға бағытталған стратегиялар біздің ортақ міндетіміз болып табылады.

Тұраров Исламғали — аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button