Қазіргі таңдағы еліміздің дамуы мен болашағы тікелей жастарға байланысты. Өскелең ұрпақ – біздің елдің ең үлкен байлығы. Сондықтан, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Біздің мемлекет тарапынан жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар сол болашақты нықтап, жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жастардың жұмыспен қамтылуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қолдау шаралары еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары болып табылады. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан жастарға арналған бағдарламалар саны жыл сайын артып келеді. «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары, жастар кәсіпкерлігін қолдау шаралары, сондай-ақ, жастардың әлеуметтік баспанаға қол жеткізуіне арналған арнайы жобалар біздің болашақ көшбасшыларымыз үшін үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.
Сонымен қатар, жастарға жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жаңа бағыттар ұсынылуда. Мемлекет жастарға арналған көптеген гранттар мен жеңілдетілген несиелерді ұсынып отыр, бұл өз кезегінде жастардың өз ісін ашып, ел экономикасына оң ықпал етуіне септігін тигізеді. Ал жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары өз тарапынан көптеген бағдарлама мен іс-шараларды ұйымдастырып, жастардың қоғам өміріндегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы орайда, жастардың білім мен ғылымға, жаңа технологиялар мен инновацияларға деген қызығушылығын арттыру, оларды болашақта жаңа бастамаларға ынталандыру өте маңызды. Жастардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану арқылы біз мемлекетіміздің алдағы уақытта әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ете аламыз.
Қазіргі таңда жастардың дауысы маңызды болып отыр, олардың қоғамдағы белсенділігі елдің болашағына ықпал етеді. Сондықтан біз жастардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдап, оларды дамыта отырып, бірлесіп болашаққа бағытталған нақты қадамдар жасауымыз керек.
Мемлекетіміздің болашағы – жастардың қолында. Оларды қолдап, дамыта отырып, біз еліміздің жарқын болашағына үлкен қадам жасаймыз.
Біләл Әлихан — аудандық мәслихат депутаты, белсенді жас