Қазақстанның халықаралық диалог алаңы ретінде рөлі жылдан жылға артып келеді. Еліміздің түрлі елдермен тығыз ынтымақтастық орнатуы, бейбітшілікті сақтау және жаһандық мәселелерді шешу үшін белсенді түрде жұмыс істеуі – үлкен жетістік. Бұл Қазақстанның тек аймақтағы ғана емес, әлемдегі маңызды қатысушы елдердің бірі ретінде мойындалуына ықпал етуде.
Қазақстанның халықаралық аренада диалог алаңдары ұйымдастыру арқылы көптеген елдермен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуы елдің бейбітшілікке деген ұстанымын дәлелдейді. Біз үшін әлем елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, жаһандық мәселелерді шешуге бірге үлес қосу өте маңызды!
Ерғалиев Жанболат-аудандық мәслихат төрағасы