Жаңалықтар

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотиптің бекітілуі – оның есімін ұлықтаудың символдық көрінісі. Логотиптегі батырдың бейнесі, ұлттық ою және «100 жыл» белгісі – тек көркем элементтер емес, бұл тұтас ұлттың тарихи жады мен рухани мұрасына деген құрметтің белгісі деп білемін.

Ұлт батырларының ерлігі – өскелең ұрпаққа өнеге. Біз олардың есімін әрдайым ардақтауымыз керек. Осы орайда, Ақтөбеде мерейтойлық логотиптің қолданылуы батыр рухына деген тағзымның нақты қадамы болып отыр.

100 жылдыққа арналған шаралар тек мерекелік сипатта ғана емес, патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталуы тиіс. Батырдың есімін ұлықтау арқылы біз оның ерлік жолын бүгінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Бұл – ұлттық бірегейлікті сақтаудың, тарихи сананы жаңғыртудың және жастарға отансүйгіштік рухын сіңірудің маңызды қадамы.

Тупенова Бағдаш Әлия патриот орталығының директоры

Басқа материалдар

Back to top button