“Цифрлы Қазақстан” ертеңіміздің дамуына бағытталған стратегиялық жоба
Ең бастысы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қоғамның барлығына қолжетімді болуға бағытталған. Электронды үкімет жүйесі, онлайн медициналық қызметтер, цифрлық білім беру платформалары — осының барлығы халықтың өмір сапасын арттырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге үлкен ықпал етеді.
Бұл бастама тек қана ақпараттық технологиялардың дамуымен шектелмейді, ол – жалпы экономиканы жаңа деңгейге көтеріп, инновациялық идеяларды өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Біздің ел цифрлы трансформацияны жүзеге асыру арқылы әлемнің үздік елдермен теңесуге ұмтылып келеді.
Қорыта айтқанда, «Цифрлы Қазақстан» — бұл тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңіміздің дамуына бағытталған стратегиялық жоба. Цифрлық әлемге аяқ басып, біз жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, болашаққа сеніммен қадам басамыз.
Салтанат Нұрмағамбетова