АуданЖаңалықтар

Білім саласын дамыту – басты назарда

Елімізде үш ауысымды, орын тапшылығы бар және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бағытта Қобда ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Аудандағы білім беру инфрақұрылымын жаңарту аясында 2024 жылы Терісаққан ауылында бұрынғы мектеп апатты деп танылуына байланысты, жаңа орта мектеп салынды. Осылайша оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, И.Құрманов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілді, ал 4 мектепте (И.Тайманов атындағы гимназия, Қобда қазақ орта мектебі, Бұлақ негізгі мектебі, И.Білтабанов атындағы орта мектеп) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 4 мектепке (И.Құрманов ат. ОМ, Қызылжар ОМ, Сарбұлақ ОМ, Жарсай негізгі мектеп бөбекжай-балабақша кешені) асхана, кітапхана және мектеп жиһазы алынды.

Білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ұстаздар мен оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау – басты міндетіміз.
Арман Қабылов — Қобда ауданы әкімінің орынбасары

Басқа материалдар

Back to top button