ҚОБДА АУДАНЫНДА «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ДЕНСАУЛЫҚ МАРАФОНЫ ӨТТІ

«Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттық айлығы аясында Қобда ауданының орталық стадионында әйелдер арасында денсаулық марафоны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру, профилактикалық тексеруден өтудің қажеттілігіне назар аудару және әйелдер денсаулығына жауапкершілікті арттыру.
Іс-шараға «Әділет» партиясы Қобда аудандық филиалының өкілдері, медицина қызметкерлері, мемлекеттік құрылымдардың мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында қатысушыларға әйел денсаулығын сақтау, профилактика және ерте диагностика бойынша маңызды ақпараттар беріліп, медицина маманының қатысуымен сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ қатысушылар «Денсаулыққа бір қадам» атты символдық жаяу жүру марафонына қатысып, «Өз денсаулығыңа уақыт бөл» медициналық бұрышында мамандардың кеңесін алды.
Әйел денсаулығы – отбасы мен қоғам саулығының маңызды негізі. Өз денсаулығыңызға уақыт бөліңіз, профилактикалық тексеруден өтіңіз және дәрігерге уақытылы жүгініңіз!