Жаңалықтар

Тоқаев Көшпенділер ойындарында ел намысын қорғағандардың еңбегі еленетінін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

 

Тоқаев Көшпенділер ойындарын жіті бақылап отыр: спортшыларға сәлем жолдады
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 31 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Ал бүгін Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында үздік атанды.

Қазақстан Көшпенділер ойынында 25 алтын медальмен көш бастады.

Вице-президент Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

 

АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Вице-президент Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Фото: Ақорда

Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің, әлеуметтік-мәдени және ақпараттық блоктарға жауапты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық бірлікті нығайтуға, конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды насихаттауға бағытталған бастамаларының іске асырылу барысы қаралды.

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетуге, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыруға, «Адал Азамат» құндылықтарын орнықтыруға қатысты нақты шаралар пысықталды.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілген тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысының мазмұндық негізі екенін атап өтті.

Аталған құжатта мемлекеттік аппарат жұмысының басым бағыттары айқындалған: ашық әрі тұрақты қоғамдық диалогты жолға қою, этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту, мемлекеттің жастар, ақпарат және мәдени-гуманитарлық саладағы саясатын тиімді жүргізу.

Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин Мемлекет басшысының ішкі саясат саласындағы бастамаларын жүзеге асыруға арналған кеңес тұрақты түрде өткізілетінін айтып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетелік Президент Вице-президенттің өкілеттіктері туралы жарлыққа қол қойған еді.

https://kaz.inform.kz/news/vitse-prezident-memleket-basshisinin-bastamalarin-zhuzege-asiru-zhonnde-kenes-ot-e73372dc

Басқа материалдар

Back to top button