ROBLOX: БАЛАНЫҢ УАҚЫТЫН БАҚЫЛАЙЫҚ!

Roblox – балалар арасында кең таралған онлайн ойын платформаларының бірі. Алайда оны шамадан тыс пайдалану баланың күн тәртібіне, оқуына және әлеуметтік қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.
Ұзақ уақыт ойын ойнау:
• экран алдында көп отыруға әкеледі;
• ұйқы режимін бұзуы мүмкін;
• сабаққа деген қызығушылықты төмендетеді;
• қозғалыс белсенділігін азайтады;
• онлайн ортадағы бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупін арттырады;
• ойынға тәуелділік қалыптастыруы мүмкін.
Ата-анаға кеңес: баланың ойынға жұмсайтын уақытын бақылаңыз, ата-ана бақылауын қосыңыз және баламен интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы үнемі сөйлесіңіз.
Ойын – демалыс үшін. Баланың өміріндегі басты орын білімге, денсаулыққа және шынайы қарым-қатынасқа берілуі керек!
#БалаларҚауіпсіздігі #ИнтернетҚауіпсіздігі #Roblox #АтаАнаБақылауы #БаланыңҚауіпсіздігі