Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі » басылымына берген «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбаты әрбір қазақстандықка ерекше серпіліс беріп, үлкен ой салады деп ойлаймын. Президент өткен 2024 жылдың күрделі болғаны туралы айтты. Сұхбатта көптеген сұрақтар қамтылған, әсіресе қазақ тілін дамыту, білім беру жүйесін жаңарту, еліміздегі мәдениет саласы мен жастарды қолдаудың, заң мен тәртіптің және басқа да мәселелердің маңыздылығына ерекше тоқталған.
Президент өз сұхбатында «Ана тіліміз 2024 жылы әлемде кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама- қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың ,мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің ,яғни, барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керектігін» айтты.
Сұхбатта ««Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, әділдік қағидатын барынша орнықтыру қажет» екендігін атап айтылған . Осы орайда «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқан Бауыржан атамыз еске түседі. Президент көтерген келелі мәселелерді заң мен тәртіпке бағынып, адалдықпен іске асыруда бәріміз бірге болайық!
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қобда аудандық филиалының төрайымы Ашенова Светлана Зинекенқызы