Қуаныш Ізмұқамбетов: Семей ядролық полигонында қызмет атқарған жауынгерлер қоғамдық бірлестігі Қобда аудандық филиалы төрағасы
Бүгін Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Мақсатым экономика мен егемендікті нығайту атты мақаласы жарияланды. Мақалада қазір қоғамда қызу талқыда жүрген көп мәселелерге жауап берілді. Оның ішінде менің тоқталғым келгені Мемлекет басшысы кеңірек қамтыған «Таза Қазақстан» акциясы. Акция біздің ауданда да ауқымды жүзеге асып, көп жұмыстар атқарылды. Мың жарымға тарта қобдалық ат салысып, санитарлық тазалық, көшеттер егуге үлес қосты. Бұл акция биыл да жалғасады деп күтілуде.