Жаңалықтар
Құрылтай сайлауында халық партиялардың арасынан өз таңдауын жасамақ.
Саяси құрылымдар тізім бойынша таңдалады. Құрылтай атауымен Жаңа жоғары өкілді органның құрылуы елдің заң шығару жүйесіне түбегейлі оң өзгерістер енгізуге бағытталған.
Бұл әлемнің ең дамыған елдерінде бар тәжірибе. Құрылтайға елге адал қызмет ететін, іскер, білімды азаматтар сайланады деген сенімдемін. Қазақстанның бір палаталы Парламентке өтуі заң жобаларын қарау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл артық рәсімдерді азайтып, шешім қабылдау жұмысын тиімдірек етуге бағытталған.
Барлық жерлестерімізді Қазақстанның болашағына бей-жай қарамай өз дауыстарын беруге шақырамын!
Зинаида Қазиева Қобда гимназиясының мұғалімі