Партиялар арасынан таңдау жасайды

Алдағы 23 тамызда өтетін сайлауда халық партиялардың арасынан өз таңдауын жасамақ. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланбақ. Бұл – әлемнің ең дамыған елдерінде қалыптасқан саяси тәжірибелердің бірі. Құрылтайға елге адал қызмет ететін, іскер, білімді, білікті әрі халықтың мұң-мұқтажын жақсы түсінетін азаматтар сайланады деген сенімдемін. Себебі елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді шешуде халықтың сеніміне ие болған азаматтардың орны ерекше.Әрбір азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, сайлауға белсенді қатысуы қажет деп ойлаймын. Сайлау – елдің ертеңіне өз үлесімізді қосып, азаматтық ұстанымымызды білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан сайлауға қатысып, өз дауысымызды беруді ел азаматы ретіндегі міндетім деп санаймын.Еліміздің болашағы жарқын, бірлігі бекем, дамуы тұрақты болсын десек, әрқайсымыз өз таңдауымызға бейжай қарамауымыз керек. Халықтың таңдауы елдің алдағы бағытын айқындауға өз септігін тигізеді.
Сандібай Саметов еңбек ардагері