Жаңалықтар

БАҚ және саяси партиялар өкілдерімен кездесу өтті


2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Отаралова бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Qobda» газетінің, сондай-ақ «Әділет», «Байтақ» және «Ауыл» саяси партияларының Қобда аудандық филиалдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібі, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеудегі рөлі мен жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Басқа материалдар

Back to top button