Жаңалықтар
Азаматтық парызым деп санаймын

— Елімізде Жаңа Конституцияның күшіне енуі — еліміз үшін тарихи, саяси-құқықтық, сондай-ақ әлеуметтік-рухани тұрғыдан алғанда маңызды шара. Қазақстанның Заң шығарушы органы бір палаталы жүйеге өтті. Сондықтан Құрылтайдың жаңғыруы – тарихи атауды қайтару ғана емес, бұл өкілді биліктің жаңа моделін қалыптастыру процесі. 23 тамызда сол Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланбақ. Жаңа Парламентке кәсіби, білікті, әділ, елге адал қызмет ететін азаматтар өтеді деген ойдамын. Сайлауға қатысып, өз дауымызды беруді азаматтық парызым деп санаймын
Асқар Әлиев, дәрігер