Жаңалықтар

КИЕЛІ МЕКЕНДЕГІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының шілде айының сарбаздары ауданымыздағы Абат-Байтақ кесенесіне «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Киелі мекен» бағыты бойынша тазалау жұмыстарын жүргізді.

Игі шара барысында белсенді жастар тарихи ескерткіштің айналасын қураған, арамшөптерден толықтай тазартты. Олар тек тазалық жұмыстарын істеп қана қоймай, бабалар мұрасына тағзым етіп, оның тарихымен жақынырақ танысты.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Сарбаздардың бұл бастамасы қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тарихи-мәдени мұраларымызды қастерлеудің жарқын үлгісі болды.

Осылайша, «Жасыл ел» белсенділері өздерінің игі істерімен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тарихи орындарды көркейтуге айтарлықтай үлес қосты.

Басқа материалдар

Back to top button