Жаңалықтар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуіне қолдау көрсету. Сондай-ақ қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық құрамын жасақтау мәселесін қарады.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық филиалдың басшысы болып Ербол Данағұлов сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызмет саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға және азаматтармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жетекшілік етеді.

Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үкіметтік емес сектор, бұқаралық ақпарат құралдары және өңірдің экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын білдіретін өзге де бағыттардың өкілдері енді.

Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы, құқықтану және басқа да кәсіби бағыттар бойынша тәжірибесі бар мамандар кірді.

Басшылық құрамның жасақталуы «Әділет» партиясының облыстық филиалын құру жұмысының ұйымдастырушылық кезеңін түйіндеді. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізу, партиялық бастамаларды жүзеге асыру, сарапшылар қоғамдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты нығайту ісіне кіріседі.

Басқа материалдар

Back to top button