Жаңалықтар

«TazaQazBot» Telegram чат-ботына 6 мың өтінім түскен

«TazaQazBot»Telegram чат-ботына Қазақстан бойынша 6 мың өтінім түскен. Сервис «Таза Қазақстан» акциясы бойынша 5 шілдеде іске қосылған еді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, тұрғындардан келіп түскен өтінімдер саябақтар мен аллеяларды, жолдарды, аумақтарды тазалау, жарықтандыру, абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, ғимарат қасбеттерін жөндеу сынды 17 санатқа бөлінген. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, аталған чат тұрғындардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға қатысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік берген. «Таза Қазақстан» экоөркениетті дамыту тұжырымдамасына сай, енді экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған камералар көбейеді.

«Атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған посттарының желісін кеңейту көзделген. Яғни халыққа онлайн-қолжетімділік арқылы ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Қайталама шикізат үшін бонустар есептейтін экобокстар мен фандоматтар орнату қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады», — деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиев.

В Telegram чат-бот «TazaQazBot» поступило 6 тысяч заявок

В Telegram-чат-бот «TazaQazBot» поступило 6 тысяч заявок по всему Казахстану. Сервис был запущен 5 июля в рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан».

Как сообщили в министерстве экологии и природных ресурсов, поступившие от жителей заявки разделены на 17 категорий: уборка парков и аллей, дорог, территорий, освещение, благоустройство, вывоз строительного и бытового мусора, ремонт фасадов зданий и др. По информации ведомства, данный чат повысил активность населения и позволил оперативно решать вопросы, связанные с окружающей средой.

«Планируется расширение сети автоматизированных постов мониторинга атмосферного воздуха, дать возможность населению оперативно получать информацию о состоянии воздуха через онлайн-доступ. Установка экобоксов и фандоматов с начислением бонусов за вторичное сырье также будет стимулировать ответственное отношение к сортировке мусора», — уверен заместитель министра экологии и природных ресурсов РК Жомарт Алиев.

Басқа материалдар

Back to top button